ATPress.kz. 12 желтоқсан. Мақат кентінің орталығынан балалар кітапханасы ашылды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында есігін айқара ашқан рухани қазына ордасы бүгінгі күннің талаптарына сай жабдықталған.
Аудан әкімінің қолдауымен орталықтағы көне ғимаратқа 26 140 900 теңге қаражат бөлініп, толық қайта жарақтандырылды. Аудандық балалар кітапханасына бюджеттен 9 500 000 теңге қаржы бөлініп, мекемеге қажетті техникалық құралдар, жиһаздар алынды. Компьютерлік техникасы да талапқа сай. Ғаламтор желісіне қосылған. Орталық «РАБИС» электронды бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Қазірдің өзінде кітапхананың жалпы кітап қоры – 12 000 болса, оқырман саны – 1500 жетіп отыр.
Кітапханада ертегілер бөлмесі, интернет сыныбы, оқу залы, абономент бөлімдері орналасқан.
Е. Мырза