Атырау театры академиялық атақ алды

ATPress.kz. 15 ақпан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 80 жылдық тариxы бар театрға академиялық атақ берілді, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы облыс әкімдігінен драма театрға академиялық атақ беру жөнінде мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс тасталған болатын. Бүгінде сол ұсыныс қаралып, оң шешімін тапты. Өнерге қолдау, екпін келмей дамымайтынын алға тартқан театр директоры Берік Жаменов облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

«Соңғы екі жыл ішінде театр үлкен белестерге жетті. Шет елге гастрольдік сапарларға шығып, бірқатар шақыртулар алды. Елімізде 25-ші мәрте өткен республикалық театр фестивалінде біздің театрымыз бірінші орынға ие болды. Осы еңбек еленіп, бүгінде облыс әкімінің тікелей қолдауымен академиялық атақ алып отырмыз. Бұл бастаманы Қазақстан театрлар ассосациясының президенті Асанәлі Әшімовтың өзі қолдады. Осының барлығы театр қызметкерлерінің еңбегі», - дейді Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры Берік Жаменов

Облыстық академиялық драма театр күзге таман өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Театр басшылығының мәлімдеуінше, мерей той қарсаңында ТМД және өз еліміздегі ірі театр ұжымдарымен бірлесіп фестиваль және танымал әртістер қатысуымен шеберлік сағаттарын өткізу жоспарлануда.

 

Бек Әзберген