Атырауда санитарлық жұмыстар күшейтілді

Атырау қаласында санитарлық тазалық мәселелері бойынша қала әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жиынға 13 санитарлық аумаққа жауапты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, “АрнаулыАвтоБаза” ЖШС басшысы және жергілікті полиция басқармасының өкілдері қатысты.

Возможно, это изображение 3 человека и текст

Жиында өз аумақтарына жауапты мамандар тазалық жұмыстарының нәтижелерін фотослайд түрінде ұсынып, тазалық талаптарын ескермеген тұрғындарға толтырылған хаттамалар жайлы баяндады.

Возможно, это изображение карта, телевизор и текст

Қала әкімі тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін учаскелік полицейлердің белсенділігін күшейту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, барлық жауапты мекемелерді бірлесіп, үйлесімді жұмыс жасауға шақырды.

Возможно, это изображение телевизор и текст

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясының басталуымен Атырау қаласында тазалық жұмыстары күшейтілді. Бұл шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ