Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қыс мезгілінен кейін қаланы санитарлық тазалау және абаттандыруға бағытталған екі айлыққа қатысуда.
25 мамыр күні күрек, тырма, сыпырғыш, қоқыс қаптармен және щеткалармен қаруланған АМӨЗ жұмысшылары Әуезов, Мұқанов, Шамин, Шәріпов және Песчанная көшелерінің бойын жапырақ, қамыс, тас, ағаш және өзге де қоқыстардан тазартып, ағаштарды әктеді.
3 сағаттың ішінде территориялардан 35 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке 300-ден астам зауыт қызметкері, 3 самосвал мен 2 жүк тиегіш жұмылдырылды.
Экологиялық акцияны ұйымдастырушы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы болып табылады. Санитарлық екі айлықтың басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Зауыттықтар үшін жаппай сенбілікке қатысу тек жақсы дәстүр ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлшегі.
«Қаламыздың тазалығы үшін бәріміз де жауаптымыз және оны қамтамасыз ету үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Қала көшелерінің жағдайы оның тұрғындары туралы пікір қалыптастыруға әсер етеді. Бұл – біз және балаларымыз өмір сүретін мекен. Сондықтан өзім үлгі болып, қаланы таза ұстаудың маңызды екенін көрсеткім келеді», – дейді Өтеген Орақбай.
Санитарлы-экологиялық екі айлық 15 мамырға дейін жалғасады.