Құрманғазыда не боп жатыр? (+ВИДЕО)

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Марат Хасанов Құрманғазы-Атырау бағытындағы автобусқа жолаушылардың таласа мінуінен орын алған келеңсіздікке қатысты түсініктеме берді.

«Құрметті аудан тұрғындары! Құрманғазы-Атырау бағытындағы машрут бойынша билетті әзірге жүргізушіден, ал, Атырау-Құрманғазы бағытына Атырау автобекет кассасынан аласыздар. Құрманғазы-Атырау бағыты бойынша онлайн билет платформасына қосылуға өтінім берілген, ол 15 жұмыс күні ішінде іске қосылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданының орталығында жолаушылардың автобусқа таласа мініп жатқан видеосы тараған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ