Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress. kz.
Атырау қаласы әкімдігі күрделі жөндеу кестесіне сәйкес қаланың барлық жылу пункттерінен ыстық су беру толық тоқтатылатынын хабарлайды.
"2022 жылдың 12-23 қыркүйегі аралығында магистралдық жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты және 2022 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында магистралды жылу желілерінің жоғары қысыммен сыналуына байланысты ыстық су өшіріледі", делінген хабарламада.
Осы ретте, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде магистральдық құбырларға жақындамауды және жылу желілері учаскелерін тексеріп жүрген қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды.