Атырау қаласына арналған ораза кестесі

  Ертең 23-наурызда халқымыздың ежелден қастерлеп, 12 айдың сұлтанына теңеп келген Рамазан басталады. Таңертең мұсылман қауым ауыз бекітеді. 

Биыл ниет еткен жандар 29 күн ораза ұстайды. Барлық қалаларға арналған ораза кестесі 14-наурызда нақтыланып, бекітілді. Ал сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. 21-сәуір - ораза айт мерекесі. 

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа 535 теңге болып, мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.