Бүгін, 31 мамыр Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жеңіс саябағында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Жиынға қатысушылар нәубет жылдары құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан соң олардың рухына арналып құран бағышталды.
Еске алу іс-шарасына саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары да қатысты.
- - Менің атам Қаржаубаев Рысқали өз заманында ауқатты кісі болған. Колхоздың мүлкі өртенген кезде атам кінәлі деп танылып, 1937 жылдың 31 желтоқсанында халық жауы ретінде ату жазасына кесілді. Барлығына уақыт төреші. Атамыз 1986 жылы ақталды, - дейді Кенжебай Нұржаубайұлы.
Айта кетейік, Атырау облысында 4 460 адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.