Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өңірдегі 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат оңалту құрылғылармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нақтырақ айтқанда, 1 977 азаматқа протездік-ортопедиялық көмек көрсетілсе, 1298 атыраулыққа тифлотехникалық құрал берілген. Арнайы арбаға ие болған адам саны – 440. Міндетті гигиеналық құралмен 6 мыңға жуық адам қамтылған. 571 адамға судрологиялық көмек көрсетілсе, ымдау тілі маманының қызметіне 212 азамат жүгінген. Жеке көмекшінің қызметін 1 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат пайдаланған. Ал 4 мыңнан аса облыс тұрғыны шипажайларда ем алған.
Қазіргі уақытта өңірде облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 3 орталық жұмыс істейді.2021 жылдан бастап мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ ересек мүгедектігі бар адамдарға жылына екі рет әлеуметтік төлем қарастырылған. Ал 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар жылына 3 рет әлеуметтік көмек алады.
Анықтама үшін: Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі азамат саны – 25 226 адам. (1-ші топ: 2566; 2-ші топ: 9334; 3-ші топ:8964; мүмкіндігі шектеулі бала – 4362)