Аймақты қалың бұлт басып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көрінуін қиындатты. Осыған байланысты Израильдің Газа секторына жоспарлаған шабуылы бірнеше күнге шегерілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
Израиль қолайсыз ауа райына байланысты Газа секторында жоспарланған жерүсті операциясын бірнеше күнге кейінге шегерді.
«Операция осы аптаның соңында басталуы керек еді, бірақ қою бұлт ұшқышсыз ұшақтардың көруін қиындатқан. Сондықтан шабуылды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды» деп хабарлады The New York Times сенбі күні кешке дереккөзге сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, жоспарланған операцияның мақсаты — өткен аптаның соңында Израильге террористік шабуыл жасап, жүздеген адамды өлтірген радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысының саяси және әскери басшылығын жою.
Бірақ алдағы шабуыл Израильді әр үй үшін бірнеше айға ұласатын көше шайқастарына тарту қаупі бар.