Атыраулық оқушы қыз асау үйретіп, ат үстінен садақ атады

Атыраулық оқушы қыз асау үйретіп, ат үстінен садақ атады

Атыраулық мектеп оқушысы Дария Болат асау үйретіп, ат үстінен садақ атады. «Жаужүрек мың бала» киносын көргеннен кейін әке-шешесінің қолдауымен тай сатып алған. Өзі қолға үйреткен тайды бәйгеге қосқан. Қазір бәйге, қыз қуу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлеріне қатысып жүр. «Атқа мінудің пайдасы өте көп. Біріншіден, көңілің көтеріліп, сергек жүресің. Екіншіден, бұл – біздің халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті» деген оқушы қыз Қамбар ата тұқымына қызығушылығы туралы айтып берді.