Жайықтың жағасынан қару-жарақ табылды (+ВИДЕО)

28 ақпан күні Атырау облысы ПД қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтаған. Тексеру кезінде Атырау ОПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі «Форт - 500М» маркалы мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 дана «ГСЗ ДК-130 СГ» маркалы граната, 1 дана «ПР 54» резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.