Мейірім Қалауи полицейлерді құттықтады (+ВИДЕО)

Атырау қалалық полиция басқармасының саптық жиынында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай қала әкімі Мейірім Қалауи қатысып, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күні-түні қызметте жүрген тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

- Отан қорғау мерекесі күнделікті тәртіпті, тұрғындардың тыныштығын тікелей қамтамасыз етумен байланысты. Бұл жұмыс ең біріншіден сіздерге жүктелген. Әр қайсысыларыңыздың үйіңізде сіздерді асыға күтіп отырған ата-аналарыңыз, отбасыларыңыз, бала-шағаларыңыз, бауырларыңыз бар. Осы ретте, жақындарыңызға аман есен барып, мемлекет алдындағы қызметтеріңіз абыройлы атқаруларыңызға тілектеспін. Қала басшылығы атынан дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толайым табыс, асқақ абырой, қиын да маңызды жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, шара барысында бірқатар қызметкер қала әкімінің және басқарма бастығы Құттыбай Садықовтың Алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, мереке күндері атыраулық полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ