Атырауда автобустар тексеріліп жатыр... (+ВИДЕО)

Атырауда “Автобус” іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыс аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен ауыр жүктерді тасымалдайтын көлік жүргізушілері арасында жол қоғалысы ережесін сақтау бағытында 1-3 мамыр аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы ережелерін түсіндіру мақсатында облыстық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойына күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, “Автобус” іс-шарасы 3 мамырға дейін жалғасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ