Атырауда әкім базарға өзі барып, бағаны тексерді
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин "Мұнайшы" стадионының алды мен «Сарайшық» коммуналдық базарында өткен азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мұнда азық-түліктер нарықтағы бағадан 10%-ға дейін төмен сатылуда. Қала әкімі азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін ұсынған кәсіпкерлермен сөйлесіп, тұрғындар үшін мұндай жәрмеңкелердің жиі өткізіліп тұру қажеттігін алға тартты.
Айта кетейік, сенбі мен жексенбі күндері жәрмеңкеге келіп, нарықтағы бағадан арзан азық-түлік пен ауыл шаруашылық өнімдерін алуға болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ