Қазақстандық "қоңыр қыз" әлем чемпионы атанды

Орегон штатында өтіп жатқан Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Бұл туралы "Казспорт" арнасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

 "Қазақстандық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысында мәреге бірінші келіп Әлем Чемпионатындағы еліміздің алғашқы алтын жүлдесін еншіледі" делінген өз хабарламада