Бүгін Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да бокс кеші өтті.
Оның басты оқиғасы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік боксшы Дмитрий Бивол арасындағы жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек болды. 12 раундқа есептелген жекпе-жек Биволдың пайдасына шешіліп, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен ресейлік боксшы мексика «құбыжығын» тоқтатты. Осылайша, бұған дейін де жеңілмеген Бивол өз атағын қорғады. Ал, "Канело"екінші рет ұтылып отыр Естеріңізге сала кетейік, Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды-ол өткен жылдың қараша айында IBF титулының бұрынғы иегері Калеб Плантты нокаутқа түсірді.