“Атырау” спорт кешенінде панкратион спортынан PFL-жастар лигасы ұйымдастырылды деп хабарлайды ATPress.kz.
Алғаш рет өткен додада еліміздің Батыс аймақтарынан келген спортшылар өзара мықтыны анықтады.
Жасұлан Бисембиев, облыс әкімінің орынбасары:
“Бұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы жергілікті жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануына, оларды спортқа тартуға оң ықпалын тигізері анық. Атырау халқы аралас жекпе-жек түрлерін өте жақсы көреді, аса қызығушылықпен қарайды. Өңірімізде де мықты деген спортшылар да аз емес. Жаңа лига сол спортшылардың көтерілуіне, спорттық мансаптарының қалыптасуына жол ашады деп білемін”.
Турнирге арнайы қонақ ретінде атыраулық UFC шебері Дамир Исмагулов келіп, жас спортшыларды марапаттады.