Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кемел саясаты батыл реформаларды дүниеге әкелуде. Ендігі міндет – осы қарқынды үзіп алмай, Президент бастамаларына біртұтас ел болып бірауыздан қолдау білдіру қажет деп ойлаймын.
«Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл – аса маңызды жұмыс. Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз. Бәріміз мына бір өте маңызды нәрсені түсінуіміз керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Оның бәрі, ең алдымен, ел болашағы үшін айрықша маңызды» деді ол.
Сондай-ақ, күні кееш ғана сайланған халық қалаулылары, яғни, депутаттар да өзгерістердің бел ортасында жүруі керек деп санаймын. Өйткені, олар маңызды шешімдер қабылдайды және сол үшін жұрт алдында жауап береді.
Қалай болғанда да, өзгерістер өмірден туындайды. Оны уақыттың өзі туындатады. Егер еліміз өзгелермен тәжірибе алмаспай, «өз қазанында өзі қайнап», «жеттім» деп жығылып, «толдым» деп төгілетін болса, қолда бардан да айырылып қалуы мүмкін. Міне, сондықтан да ел өмірінде қоғамдық-саяси реформалардың маңызы өте зор. Ендеше, Жаңа Қазақстанның кірпішін бірге қалайық, ағайын!
Әділет ҚАНАТҰЛЫ,
жас блогер, "AtyrauQalam" инстаграмм парақшасының авторы