«ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» байқауы өтеді

2023 жылғы жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі республикалық конкурсына құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, мінсіз, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамаған, тәртіптік және әкімшілік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі. Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің gossluzhba2017@mail.ru, a.kazikhan@kyzmet.gov.kz электронды мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады.