Шараға қатысушылар ортақ міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуде әріптестік қатынастардың маңыздылығын, құжаттың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптаулардың алдын алу мәселелерінде екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Прокуратура органдары Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес келетін азаптауларды тергеп-тексерудің әдістемесін әзірледі. Құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша азаптаулар туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру нұсқаулығы, сондай-ақ міндетті бейнебақылау ережелері бекітілді. Құқық қорғау және түзеу мекемелерінің «көрінбейтін аймақтарды» бақылау камераларымен жарақтандыру, сондай-ақ сотталғандардың жолданымдарын онлайн беру үшін терминалдар орнату жүргізілуде. Сонымен қатар арыздарды тәулік бойы қабылдауды, жеткізу заңдылығына кенеттен тексерістер жүргізуді және басқа алдын алу шараларын қамтамасыз ететін Азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспары қабылданды. Прокуратура азаптаулардың алдын алу мәселелерінде құқық қорғау институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасасуда.