Атырау қалалық мәслихат төрағасы сайланды

Бүгін VIII сайланған Атырау қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

Сессияда сайланған депутаттар арасынан Мәслихат төрағалығына Нұрбол Оразбайұлы Құрманның кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Қалалық мәслихатта 25 депутат бар, төрағадан басқасы тұрақты төрт комиссия құрамында бөлініп жұмыс жасайтын болады. Тұрақты төрт комиссия құрамы да жасақталып, төрағалары бекітілді. 1. Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы 2. Экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Қоныспаев Ильяс Лесұлы 3. Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы - Сәрсембаева Айжан Мақсотқызы 4. Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрғасы - Құлмағамбетов Вадим Равилұлы.

Тұрақты төрт комиссия мүшелері әуелі тұрғындардан түскен өтініш-ұсыныстарды өз отырыстарында қарап, қалалық мәслихат сессияларында қарайтын болады.