Атырау облысы аумағында 3-5 наурыз күндері ПД басшылығының нұсқауымен тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында «Мас жүргізуші-қылмыскер» атты рейдтік акциясы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Рейдік іс-шара барысында 1000-нан аса жол жүру ережелерін бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде:
- жылдамдықты асырған-214 тұлға;
- қарсы бағытқа шыққан-1 тұлға;
- жаяу жүргіншіге жол бермеген-5 тұлға;
- авариялық жағдай туғызған-10 тұлға;
- көлік құралын мас күйде басқарған-12 тұлға;
- көлік жүргізу куәлігінсіз-31 дерек анықталып, 33 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Көбінесе жол-көлік оқиғаларының басты себебі жүргізушілердің алколгольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік басқаруы және жол жүрісі ережесін сақтамауы болып отыр. Осы ретте, атыраулық полицейлер жүргізушілерден көлікті тізгіндер алдында сақтық шараларын қолданып, жол-жүрісі ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.