Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Департамент бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров атқарады.
Генерал-майор Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы.