Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты.
"Басқа террористер тобы бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. Ондағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Бүгінде 1 347 қару ұрланған. Оның ішінде: 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару" деді Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыскерлерден қару-жарақтарды тәркілеу жалғасып жатыр. "Бүгінде арнайы операциялар барысында 127 қару, 2 800 түрлі калибрлі оқ, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы құралдар және ұрланған мүліктер тәркіленді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Таймерденов.
Тонаушылар 1 600-ден аса сауда нысанын тонаған. Сондай-ақ, 356-дан аса автокөлік, оның ішінде полицияның 163 қызметтік көлігі бүлінген және жойылған. Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын.
3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.