Krisha.kz порталының сарапшылары Қазақстан аймақтарындағы тұрғын үй бағасының соңғы жылда өсу көрсеткішіне талдау жасады.
Мамандар келтірген мәліметке сүйенсек, Атырау қаласы бұл тізімде 11-орында. Яғни, соңғы жылы аймағымызда тұрғын үйдің бағасы 24 пайызға өсіп, шаршы метрі орташа есеппен 351075 теңгені құраған екен, - деп хабарлайды Atpress.kz сайты.
Бұл тізімде Ақтау және Ақтөбе қалалары сәйкесінше көш бастады. Аталған қалаларда көрсеткіш бір жылда 41 және 35 пайызға дейін өсіпті.