Атырау қаласында жаздың аптап ыстығында шаһар тұрғындары үшін сая болатын субұрқақтардың саны артып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Биыл қалада 7 субұрқақ іске қосылады. Олар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдында, Құрманғазы саябағында, «Балықшы» шағынауданында, Ретро саябақта екеу, Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіш пен «Құрманғазы» мәдениет сарайы алдында субұрқақтар қалаға көрік сыйлайтын болады.
«Samgau-2030» ЖШС директорының орынбасары Дамир Кушимовтың айтуынша, бұл субұрқақтар осыған дейін қараусыз қалып, істен шыққан.
Қазіргі уақытта «Samgau-2030» ЖШС-нің жұмысшылары қаладағы барлың субұрқақтардың ішін тазалап, арнайы құрылығыларын жуып-шаю, майлау секілді жұмыстарды істеп жатыр.
Айта кетейік, былтыр қалада 30 субұрқақ жаздың ыстық күндерінде жұртшылыққа салқын самал есіп, қала келбетіне көрік қосты.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.
Фотоны түсірген автор.