Сағыздағы атысқа қатысты сот үкімі шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, алқабилердің қатысуымен 21 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотпен анықталғандай, 2021 жылғы 30 қазанда, сағат 19.00 шамасында Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында жәбірленушілер мен сотталушылардың арасында төбелес басталып, арты атысқа ұласқан. Төбелес барысында сотталушы У. тесіп-кесетін затпен жәбірленуші Е.-нің иық қатпарының аймағына тесіп-кесу жарақатын салған, сондай-ақ жәбірленушіге К. сол жақ кеуде торының және оң жақ балтыры тұсына 2 пышақ жарақатын салған. Өз кезегінде, сотталушы С. жәбірленуші Е.-нің бас аймағына темір тұрбамен соққы жасаған. Осы кезде куә Ш.-ның автокөлігінің жанында тұрып, не болып жатқанын бақылап тұрған сотталушы Т. аңшылық мылтықты қолына алып, жоғарыға оқ атқан.

Кейін сотталушы Б. қолына аңшылық қаруды алып, адамдар тобына қарай оқ атқан, сондай-ақ жәбірленуші К.-ға қарай 2 рет оқ атып, оған өміріне сәйкес келмейтін ауыр жарақат келтірген. Сотталушы Қ. сотталушы Б.-мен бірге қылмыс орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші К. көптеген әр түрлі дәрежедегі бытыралы оқ тию жарақаттары салдарынан қаза болған. Жәбірленушілер Е., А., И., К., Б., Т. әр түрлі дәрежедегі бытыралы оқ тию жарақаттарын алған.

Соттың алқабилер құрамы қабылдаған шешімімен сотталушы Б. ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі-99-бабының 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Т. ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы У. ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі-99-бабының 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы С. ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 4,5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес жауаптылықтан босатылды.

Сотталушылар Б., Б., Ө. ҚК-тің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес, түпкілікті 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Қ. ҚК-тің 432-бабымен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес түпкілікті 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Т. және Ә. ҚК-тің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес, түпкілікті 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соталушылар Ж., С., М., К., Б., Д., М., К., А., К., У. ҚК-тің 434-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандары дәлелденбеуіне байланысты ақталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив