Айыпталушылардың көбі бас бостандығынан айыруды көздемейтін жазалау шараларына тартылды

2022 жылғы 5-6 қаңтарда Алматы облысының екі тұрғыны Алматы қаласындағы «Охотник» дүкенінен әртүрлі тауарларды ұрлаған. Күдіктілер ұсталғаннан кейін соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынды. Кейіннен күдіктілердің жағымды мінездемесі, бұрын сотталмағандығы, асырауында жас балалардың болуы, келтірілген залалдың өтелгені және кінәсін мойындағаны ескеріле отырып, тергеу органының қолдаухаты бойынша оларға бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге өзгертілді. Мұндай фактілер аз емес. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов бірқатар мысал келтірді.

14 ақпанда Алматы қаласының сату орталықтарынан бірнеше рет ұрлық жасаған Алматы облысының 21 жасар тұрғыны оның асырауында кәрі жастағы ата-анасының болуына байланысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның тағайындалуына байланысты қамаудан босатылды.
«Соттар қаралған қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың басым бөлігін осындай негіздер бойынша бас бостандығынан айыруды көздемейтін жазалау шараларына соттады, атап айтсақ, 214 адамның ішінен 194. Бостандыққа жәберілген адамдардың көпшілігі Алматы қаласының еншісінде – 145, Алматы облысында – 38, Түркістан облысында – 4-еу, Көліктегі ПД – 5-еу, Жамбыл мен Ақмола облыстарында 1 адамнан.  Одан басқа Алматы қаласында тағы 6 адамға қатысты қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.  Мысалы, Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында үш адам «Корған» дүкенінен арнайы киім мен аңшылық пышақтарын жымқырған. Кейіннен күдіктілер ұсталып, күзетпен ұстауға алынды, тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Алматы қаласы Алмалы ауданының сотына жолданды», - деді полковник кінә мойындалғандықтан және келтірілген залалдың орны толтырылғандықтан сот көрсетілген адамдарды 2 жылға бас бостандығынан айыруға соттады және сот залында оларды күзетпен ұстаудан босатқанын айта келе.