Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», – делінген ведомство таратқан мәліметте. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. «Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», – деп толықтырды ведомстводағылар.