ATPress.kz. 5 желтоқсан. Жақында Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Жылыойым – жырдың мекені» атты І аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Оған Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Атырау облыстарынан барлығы 20 әнші қатысып, дәстүрлі әннің небір жауһарлары дәріптелген еді. Аталмыш сайыста аудан намысын қорғаған Берік Амантаев байқау шартына сай «Кең Жылыой», «Айнамкөз», «Қанапия» және «Аманғалидың монологы» әндерін орындап, қазылар алқасының шешімімен жүлделі екінші орынға ие болды. Аймақтық байқауда аудан абыройын асырған жерлесіміз диплом және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Дәстүрлі әнді жанына серік еткен Берік осыдан бір ай бұрын Атырау қаласында өткен облыстық байқауда да бірінші орын және «Үздік орындаушы» номинациясымен марапатталған болатын.
Дулат Мәтжан