ATPress.kz. 28 ақпан. Индер аудандық «Дендер» газеті редакциясы Индер аудандық білім бөлімі мен «Өнер» мектебі бірлесіп, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, арқалы ақын, жыр сүлейі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына «Мұрат жыры - мәңгілік» тақыр
Мақсат - шәкірттер бойына отансүйгіштік, патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыру.
Байқаудың шартына сәйкес, 13 мектептен жиналған шәкірттер арасынан үш кезең бойынша суырылып алға шыққан Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманжан Сағынов «Бас жүлдеге» ие болды. Ол Мұрат ақынның атақты "Үш қиян" толғауын жатқа айтып қана қоймай, бірнеше шығармаларында жадына түйген оқушы ретінде танылды. Қалған қатысушыларда жеңіс тұғырынан көрініп, оларға ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар тапсырды.
Диас Айбар