ATPress.kz. 16 желтоқсан. Тәуелсіздік күні мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде кең форматта атап өтілуде. Мерекелік шаралар Индер ауданында да өтіп жатыр.
Еліміздің ең басты мерекесінің құрметіне көп балалы ана Сәуле Иманғазиева «Алтын алқа» алқамен наградталды. Ал, халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш Хиуаз Доспанованың наградасымен Есбол ауылдық округінің зейнеткері Науша Қадірбаева марапатталды.
Қалқаман Ахметов - «Жыл меценаты» атанды.
Сондай ақ, Индер аудандық орталық аурухананың күндізгі бөлім дәрігері Шолпан Мұхамедияр, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімі Нта Дюсембиева «Құрмет» грамотасына лайық деп танылды.
Диас Айбаров