Атырауда қуыршақ театрының қойылымы өтті

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Былина" орыс этномәдени бірлестігі балаларға арналған қойылым ұйымдастырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

- Алғаш рет облыстық Достық үйінің қабырғасында қуыршақ театрының қойылымы өтті. Балалар қойылымды жақсы қабылдады. Алдағы уақытта тағы да осындай премьераларды өткізуді жоспарлап отырмыз - дейді "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Корабев.

Айта кету керек, 2023 жылы құрылған этномәдени бірлестіктің бүгінде қуыршақ театрынан басқа, "Гурьевчанка" шығармашылық тобы, "Светлица" әйелдер клубы, "Ескі қала мұражайы", "Орыс тілі, әдебиеті және мәдениеті" орталығы жұмыс жасап келеді.