Алаш идеясының мәні неде?

ATPress.kz. 26 қаңтар. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индер аудандық мұражайында өткен «Алаш қозғалысы – біртұтастықтың символы» атты кездесуде зұлмат жылдар ақиқатына арналған деректі фильм көрсетілді.

Кездесу қонағы - Индербордағы «Көктем» қазақ орта мектебінің тарихшы мұғалімі Марсель Тұңғатов - соңғы үш ғасырда қазақ жерінде орын алған күрес пен бодандық, оның ащы сабақтарына тоқталып, Алаш қозғалысының ең әуелі қазақ жеріндегі мемлекеттікті қалпына келтіру бағытындағы қадам болғанын айтты. 

Ал, «Дендер» газетінің журналисі Сүйеу Халықов Алаш зиялыларының, жоғары сауатты, бірнеше тілдерді меңгерген дара тұлғалар болғандығын атап өтіп, жастарды көп тілді білуге үндеді.

 

С. Бисенов

Сурет: tobolinfo.kz