Бұл туралы еліміздің қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айтуынша, былтыр республика бюджетіне түскен салық төлемнің 28 пайызы Атырауға тиесілі екен. Егер ел қазынасы 2018 жылы 1 387,9 млрд. теңгемен толықса, былтыр 2347,9 млрд. теңгеден бір-ақ шығыпты.
«Атырауда бір қызметкердің орташа айлығы 517 454 теңгені құрады. Осылайша, нақты жалақы индексі 25,7 пайызға өсіп отыр. Мекемелер мен кәсіпорындар жекенің қолында болғандықтан, жалақы өндіріс көлемі байланысты қойылады» дейді ол.
Оның сөзінше, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» қайта қаралуы мүмкін. Сол кезде жалақысы жолақасына жетер-жетпейтін жұмысшылардың жайы оңалар деп сенейік.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ