Атырауда өрт аумағы 690 гектарға жетті

Атырауда қамыс өртін сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қамыс өртінің жалпы аумағы  690 гектарға жетті. Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша қамыстың бықсуы анықталып отыр.  Бүгін, 9 шілде күні ҚР ТЖМ "Казавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен сағат 08:30-дағы ақпарат бойынша 11 рет  су төгу жұмыстары жүргізілді.

Қамыс өртіне қарсы Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, "Ақжайық" МТР, "Казавиақұтқару" АҚ барлығы 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.
Әкімдік тарапынан  өртті сөндіруге өндіріс орындарының техникаларын жұмылдыру, өртті сөндіріп жатқан жұмысшыларды тамақтандыру ұйымдастырылуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ