Құрманғазыда заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Құрманғазы ауданында 417 кг құрайтын бекре тұқымдас балықты заңсыз аулағандар ұсталып, су маржаны тәркіленді, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 наурыз күні Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеруі кезінде жалпы салмағы 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балығын анықтап, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПІК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.