«Kilen Hub»: Жүзбе-жүз жүздесу

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында «Kilen Hub» шығармашылық бірлестігі жастарды Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада кездесуге шақырады.


Кездесуде танымал спикерлер дәріс оқып, интеллектуалдық ойындар мен сазды бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ көрермендер назарына шеберлердің қолөнер бұйымдары ұсынылады.
-«Kilen Hub» шығармашылық бірлестігінің мақсаты жергілікті жас әртістердің өзінің музыкасын дамытуға және көпшілікке танылуына көмектесу, сол арқылы қаламыздың талантты жастарына және өнердің дамуына қолайлы орта жасау. Сондықтан бүгін замандастарымызды сағат 17.00-де кітапханаға шақырамын, - деді бірлестіктің белсендісі Нұрсұлтан Зиядаев.
Айта кетейік, шара қонақтары мүмкіндігіне қарай ұлттық нақыштағы киіммен келу керек.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА