Атыраулық азамат бұрынғы әйелін пышақтап кетті... (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 1995 жылы туған күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ