Атыраудағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр

Миялы ауылындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында Атырау облысының Миялы ауылындағы Ойыл өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат түскен.

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы мүмкін деген болжамды орынға шықты», - делінген хабарламада.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

 

Фото: Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен алынды