"Атырауда жетімдерді ұрып жатыр..."

Бұл туралы «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Қор жетекшісінің айтуынша, балалардың бірі 9-16 жас аралығында қатты таяқ жеп, сенім телефонына хабарласқан. Комиссия келгенімен, ешқандай заңбұзушылық анықтамаған. Оның үстіне, комиссия балалар үйін директордың өзі тексеру керегін айтады. Алайда, балалардың арыз-шағымына құлақ аспайды. Бес жастағы бүлдіршін де соққыға жығылған, бірақ мұны ешкім видеоға түсірмеген. 

«Балалар кімге сеніп тапсырылған? Неліктен Атыраудан арыз көп түседі? Интернатта, ерекше балалар бақшасында, енді балалар үйінде де осындай жағдай орын алуда. Білім беру департаменті қайда қарап отыр? Бәрін қызметтен босату керек, әйтпесе, қылмысты жасыру бізді жаппай агрессияға әкеліп соқтыруда!» дейді жазба автор.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ