Атырау қаласынан «Атырау-Махамбет-Сарытоғай» бағытында жаңа автобус жолаушыларды тасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Жаңа 33 орындық «YUTONG» маркалы автобусы қала мен ауылдың арасына жолаушыларды тасымалдауда. Махамбет ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сапаровтың айтуынша, қатынайтын қоғамдық көлік 24 орындық «HYUNDAI» автобусы бұған дейін де болған. Ауылдан облыс орталығына барыс-келіс артқан соң тұрғындар қосымша автобус сұраған.
Су жаңа автобуста кондиционермен және жайлы орындықтармен жабдықталған.
«Қосыбаева» жеке кәсіпкерлігіне сенімді басқаруға берілген жаңа автобустар қала мен ауылдың ортасына күніне төрт мезгіл қатынайды. Нақтылай кетсек, таңертеңгі сағат 07.30-да Махамбет ауылынан шыққан автобус күндізгі 11.00 сағатта қаладан кері қайтады. Түсқайта сағат 14.00-де ауылдан қозғалып, кешкі 17.30-да кері жүреді. Жолақысы – 500 теңге, – дейді ауыл әкімі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА