Атырауда тағы да екі BINOM мектебі салынады

Атырау қаласында «Нұрсая» және «Сарыарқа» шағынаудандарынан бөлек, қосымша екі BINOM мектептері салынады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жазды.

«Атырау қаласында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты, «Авангард» шағынауданында және Жәңгір хан, Тұмар ханша өткелдері қиылысқан ауданда қосымша екі  BINOM мектебі салынады. Қазіргі уақытта қажетті жер телімдерін анықтау, бекіту жұмыстары жүруде», - деді Ж.Бисембиев.

Айта кетейік, бұл мектептер мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында салынғалы отыр.

Атырау облысында 2025 жылға дейін 30 мектеп салуды жоспарланған. Оның ішінде екі BINOM мектебінің құрылысы  2024 жылдың 1 қаңтарында басталады. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото ашық дереккөздерден алынды.