16 Ақпан, 2023 140

Атырауда сегіз жасар баланы ит қауып алды

 Атырауда сегіз жасар баланы ит қауып алды

Тұрғындар қаңғыбас иттердің көбейіп кеткендігіне алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"15 ақпан күні сағат 19:00 шамасында 2015 жылы туған бала жарақат бөлімшесіне жеткізілді, оның басы мен аяғы жараланған. Куәгерлердің айтуынша, баланы ит талаған. Бала травматикалық шок жағдайында болды, ол бірден жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Денсаулығы бақылауда. Тиісті ем-шаралары көрсетілуде" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі Айша Кенжемұратова.