Атырауда пәтерлер мен жеке үйлер тексерілуде

Атырауда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы аумағында 14 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шарасы өткізілуде.

– Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау,-деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ