амыр айынан бастап қалада маса улаудың екінші кезеңі басталды деп хабарлайды AtyrauPress.
Қазір 25 маман мен жұмысшыдан құралған 3 бригада қаладағы көпқабатты үйлердің кіре берістері мен жертөлелерін дәрілеп жатыр. Екі күн ішінде «Береке» шағынауданында, Сәтпаев, Құлманов, Лесхоз, Құрманғазы, Сол жағалау, резиденция, қала әкімдігі аумағы мен Лесхоз бойындағы каналда маса улау жұмыстары жүргізілді.
Қала аумағын масаларға қарсы дәрілеумен айналысатын "AG Dezinfection Services" ЖШС-нің эпидемиологы Гүлсара Ходжибекованың айтуынша, дезинфекция жұмыстары сәуір айында басталды. Бір ай ішінде Геолог, Бірлік 1, 2 елді-мекендері мен 1228 көпқабатты үйлердің кіре берістері мен жертөлелеріне дәрі шашылды.
«Биыл біз масаны жаңа дәрілермен улап жатырмыз. Атап айтқанда анти-инсекта, амизон, ФосЛАД-50, ФосЛадин препараттарымен алмастырылды. Масаның ағзасы бір дәріге тез үйренеді. Дәрілерді мезгіл сайын өзгерту керек. Дезинфекторлар белгіленген 8 сағатта ғана емес, қосымша уақытта да жұмыс істейді. Құрал-жабдықтар мен дайындықтар жеткілікті», - деді Г.Ходжибекова.
Бүркуге қолданылатын барлық препарат мемлекеттік сараптамадан және сынақтардан өткен. Эпидемиолог Гүлсара Ходжибекованың айтуынша, химиялық заттардың адамға, өсімдіктерге, және жануарларға зияны жоқ.
Қалада Привокзальная, «Нұрсая», «Огородный», «Лесхоз», «Авангард-2» шағынаудандарында маса көп. Дәл осы аумақ тұрғындарынан шағым көп түседі. Көбінде көпқабатты үйдің жертөлесі суға толы боса, онда зиянды қанаттылар да көп болады дейді мамандар.
Маса улау жұмыстары көктем-жазда жасалып, қара күзе дейін жалғасады.
Биыл Атырауда қансорғыш жәндіктерді улауға 50,4 млн теңге бөлінді.
Айта кетейік, Атырауда масаның үш түрі бар. Олар: Каспий теңізінің жағасында көбейетін, ірі Caspius aedes, үй ішіндегі Culex pipiens және Pipiens pipiens.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА