Атырау қаласында Ә.Молдағұлова көшесі жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Ә.Молдағұлова көшесіндегі Х.Нәубетов көшесінен Қ.Бекқалиев көшесіне дейінгі аралық орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 20 наурыз сағат 9:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ