21 «мамыр», 2022 2744

Атырауда 70 жастағы ер адам терезеден секірмек болды

 Атырауда 70 жастағы ер адам терезеден секірмек болды

Үшінші қабаттан секірмек болған 70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды ATPress.kz. 21 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Нурсая мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 3 қабатында белгісіз егде жастағы ер адамның қылтимадан аяғын шығарып тұрғандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама түскен. Хабарламаға дер кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев барып, 70 жастағы ер адамды құтқарып алды. Қазіргі уақытта егда жастағы ер адамның үйде кілттеніп қалғаны және жалғыз болғандығы анықталды”- делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.