Атырау облысында 8 спорт нысаны салынып жатыр

Облыста 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, 4 нысан қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы AtyrauPress Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов мәлім етуінше, өңірде 1 217 спорт нысаны бар.

Атап өтейік, биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, облыста екі спорт нысанын салу жоспарланған. Оның бірі – Атырау қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының  және қаладағы Жаңаталап ауылындағы спорт кешенінің құрылысы.

Қолданыстағы жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес 2023-2027 жылдар аралығында 26 спорт кешенін  салу арқылы бұл көрсеткішті 40%-дан асыру жоспарланып отыр.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА